Балқашта болған өрттен қасиетті құран кітабы аман қалды

Балқашта болған өрттен қасиетті құран кітабы аман қалды. Тілсіз жау оқиғасы демалыс күндері 90 орамда болды. Сағат кешкі 5-тің шамасында тұтанған жалыннан сарайдың барлығы жанып кетті. 100 шаршы метрлі ғимарат пен 20 метр шарбақ күлге айналды. Оның ішінде болған техника мен жиһаз, киім-кешектердің барлығы өртенді. Бірақ, осындай алапат өрттен мұсылманның қасиетті кітабы-Құран жанып кетпей, бүтін қалды. Тіпті, әрбір беті де сақталған. Ал оны алау ішінен тауып алған өрт сөндірушілер кітапты үй иелеріне тапсырды.




Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать