Балқашта биыл алты көше атауы өзгертілуі мүмкін. Видео

Биыл Балқашта 6 көше атауын өзгертуі мүмкін. Қалалық ономастика комиссиясы идеологиялық тұрғыдан ескірген көше атауларын ауыстыру мәселесін қарамақ. Бұл жерде міндетті түрде халықтың пікірі мен ұсынысы да ескеріледі. Балқашта Кеңес одағы кезінде қойылған Ленин, Октябрьская, Лазо және Луначарский, Степная, 5 квартал секілді көшелерге жаңа атау беріледі. Тек қаладағы ғана емес Гүлшат, Саяқ кенті мен Қоңырат мөлтек ауданындағы атауы ескірген көшелерде жаңа атқа ие болады. Сонымен бірге орыс жазушылары мен ақындарының есімімен аталған №1, 4 және 17 мектептің атауын өзгерту жоспарланған. Бүкіл одақтық Лениндік коммунистік жастар одағы деп аталатын орталық саябаққа да жаңа атау беру ойда бар. Бұл тұста әрбір қала тұрғынының пікірі маңызды. Балқаштықтар өз ұсыныстарын қала әкімінің атына хат жазу арқылы білдіре алады.

Әсел Бөлекова-қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі
« Жергілікті халық ұсыныс білдурі керек. Бұл ұжымдар болуы мүмкін. жеке тұлға болуы мүмкін. Көшелерге ұлттық танымға сай мәселен, достық, шаңырақ секілді ұлтымызға жақын атаулар беруге рұқсат беріледі «.

Сонымен бірге Алаш жұртына аты әйгілі тұлғалардың есімін беруге болады. Тек белгілі бір ортада таныс, ауылға немесе қалаға ғана танымал адамдардың аты-жөні қабылданбайды. Ал халық ұсынған көше атауларын қалалық ономастикалық жұмыс тобы қарап, жұртпен кездесіп, талқылағаннан кейін оны облысқа бекітуге жібереді. Түпкі шешімді Республикалық комиссия қабылдайды.

Балқаш тұрғыны: «Көшелердің атын өзгертуге мен қарсы емеспін. Қайта мен қуанамын. Біз Тәуелсіздік алғанша кейбір көшелер өзгерді ғой. Мысалы Чапаев көшесі Бөкейханов деп. Біздің зиялы қауым көп қой. Вот солардың атауын берсе».

Балқаш тұрғыны:» Қазақтың атын беру керек қой, біздің қазақта көп қой геройлар».

Балқаш тұрғыны: «Негізі қажет деп ойлаймын. Өзгерту керек. Мұхтар Әуезов, Ыбырай Алтынсарин дегендер. Соның барлығын атағын шығару керек».

Өзгертілетін көше атаулары

Ленин көшесі — Балқаш қаласы
Октябрьская көшесі -Балқаш қаласы
Лазо тұйық көшесі -Балқаш қаласы
Луначарский көшесі -Балқаш қаласы
5 квартал -Балқаш қаласы
Степная көшесі -Балқаш қаласы
Советская көшесі — Саяқ кенті
Ленин көшесі — Гүлшат кенті
Фрунзе көшесі — Гүлшат кенті
Киров көшесі — Гүлшат кенті
Октябрьская көшесі — Қоңырат м\а
5 квартал — Қоңырат м\а
Степная көшесі — Қоңырат м\а

Атаулары өзгертілетін мектептер

М.Горький атындағы №1мектеп

Н.Крупской атындағы №4мектеп

В.Маяковский атындағы №17 мектеп

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать