Балқашта Қазақстан барысы турниріне іріктеу кезеңі ұйымдастырылды

Балқашта республикалық «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Дәстүрлі доданың ақтық сынына өту үшін балуандар ең бірінші дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өзара мықтыны анықтады.Бірнеше сағат бойы 52 нар тұлғалы батырдың ұрпақтары 9 салмақ дәрежесіне бөлініп боз кілемде белдесті.

Жарыстың білекті балуанының бірі көк киімдегі — Қайрат Қайнықас. 21 жастағы әскери маман 4 жыл бойы күреспен үздіксіз шұғылданып келеді.Соның арқасында ішкі істер бөлімінен шыққан алғашқы қарсыласын 5 минуттың ішінде жығып, бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады.

 

Қайрат Қайнықас – жарысқа қатысушы
«Ылғида дайындықта жүремін. Күн сайын жүгіріп, соның арқасында осы күреске дайындықпен келдік. Көбіне шаршап қалдым. Ауа жетпей қалды. Және де қарсыласым оңай емес. Мықтыболды».

Ұрпақтан –ұрпаққа жеткен ұлттық додаға қойылған талап — жоғары. Қазылар алқасы спортшыларды бүк, жамбас, жартылай жеңіс және толық жеңіс сынды ұпаймен бағалай отырып, ереженің сақталуын қадағалайды. Яғни, палуандар екі аяққа тік тұрып, күресуі қажет. Қарсыласын аяқтан шалып, артқа лақтыруға болмайды.

Ал осындай талапқа саймыз дегендер 9 салмаққа бөлініп боз кілемге шықты. 52 спортшы 55 пен 100 келі салмақ дәрежелеріне бөлініп сынға түсті. Оның ішінде құқық саласының мамандары мен спортшылар болды.

Шотбай Әбішев- дзюдо және қазақ күресі федерациясының жетекшісі
«Балуан өзін көрсету үшін 5 минут уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде балуан өзін көрсетуі керек. Қандай әдіспен ұтқанын ортадағы төреші шешім қабылдайды».

Бірнеше сағаттық дода нәтижесінде қазақ барысына лайықты деген 9 салмақтан 9 спортшы облыстық«Сарыарқа барысына» жолдама алды. Ішіндегі ең кішісі 55 келіде Мейіржан Қауланов бірінші орын алса, абсолюттік келіде Самат Амантаевтың белі бүгілмей, күші басым түсті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать