Балқашта аулада тұрған көлік өртеніп, түгі қалмай жанып кетті

Балқашта аулада тұрған көлік өртеніп, түгі қалмай жанып кетті. Оқыс оқиға кеше Иванов көшесіндегі жеке үйлердің бірінді болды. Кешкі сағат 5 тер шамасында үйдің жанында тұрған опел астра көлігінен өрт шыққан. Қызыл жалын матор орналасқан бөліктен басталыпты. Өрт сөндірушілер келгенше тілсіз жау түгел көлікке тараған. Жалынның жалпы аумағы 5 шаршы метрді құрады. Яғни көлік толығымен, түгі қалмай жанып кетті. Қазір өрттің себебі анықталуда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бұл іспен енді полиция қызметкерлері айналысады.

Виктор Ким-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бас маманы

«Өрт 12 минутта толығымен сөндірілді. Қызыл жалынды ауыздықтауға 2 көлік, 9 маман жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать