Балқашта аулада тұрған автомобиль өртенді

Балқашта аулада тұрған Mercedes өртенді. Оқыс оқиға бүгін таңғы 5- тер шамасында Мұхамеджанов м\а болды. Тілсіз жау көліктің оң жақ дөңгелегінен басталған. Содан қызыл жалын шарпып автомобильдің алдыңғы бөлігін отқа ораған. Ал шырт ұйқыда жатқан көлік иесі дабыл жүйесінің даусынан ояныпты. Далаға шығып, мерседестің жанып жатқанын көрген соң өрт сөндірушілерді шақырған. Тек капоттың асты өртенген, көлік салоны аман. Алдын-ала болжам бойынша қызыл жалын қысқа тоқтың тұйықталуынан шыққан. Алайда, мерседес иесі көлігін біреулер әдейі өртеген деп санайды.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы

«Өртті сөндіруге 2 техника 10 маман жұмылдырылды.Өрт аумағы 1.5 шаршы метрді құрайды. Көліктің тек алдыңғы бөлігі өртенді».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать