Балқашта «Ару ана» байқауына өтініштерді қабылдау жүргізілуде

Тек қатысушылар 35-45 жас аралығында болуы тиіс. Және үміткерлердің 4 және одан көп балалары болғаны абзал. Ал бұл талаптан өткендер 4 кезеңде бақтарын сынайды. Өзін-өзі таныстыру байқаудың бірінші шарты. Одан кейін аналар өздерінің өнерлі екендіктерін көрсетеді. Содан соң сайыстың үшінші, төртінші кезеңдерінде қатысушылардың білімдері мен аспаздық шеберліктері сынға түспек. Онда сұрақтарға жауап беріп, үйде дәстүрлі отбасылық тағамды жасап келулері керек. Өтініштер апта соңына дейін мәдени-сауық орталығында қабылданады. Ал  «Ару ана» байқауы 8 күні мәдениет сарайында өтеді.

«Ару ана» атты көп балалы аналар арасында өткізілетін байқау ережесі
— Байқауға 35-45 жас аралғындағы аналар қатыса алады
— 4 және одан көп балалары болуы тиіс
— Кез-келген ұлттың өкілдері

Байқаудың шарттары

  -Таныстыру кезеңі
— Шығармашылық кезеңі
— Отбасылық тағам кезеңі
— Сұрақ-жауап кезеңі

Өтініштер 3 наурызға дейін мәдени-сауық орталығында қабылданады.

Байланыс телефоны: 4-90-66, 6-00-03

«Ару ана» байқауы 8.03.2018 ж. Мәдениет сарайында өтеді.

Айдана Өміржан- Қалалық мәдени-сауық орталығының әдіскері
« Байқау 4 кезеңнен тұрады.Оған 4 және одан көп балалары бар аналар қатыса алады.Өтініштер 3 наурызға дейін мәдени-сауық орталығында қабылданады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать