Балқашта қала күніне орай қандай шаралар өтеді

Ертең балқаштықтар қала күнін атап өтеді. 1937  жылы 11 сәуірде ресми түрде Балқашқа қала атағы берілген. Осы атаулы датаға орай шаһар өнерпаздары тұрғындарға арнап мерекелік концерт дайындауда. Шоу бағдарлама Желтоқсан көшесінде өтеді. Колледж студенттері бұл шарада флеш-моб билемек. Бүгін 150 ден аса жас мәдениет сарайына жиналып, дайындықтарын пысықтады. Ал мерекелік кеш ертең кешкі сағат 6 да басталады. Қала өнерпаздары өздерінің ең үздік әндерін орындап, хитке айналған әуендерді шырқайды. Мың бұралған бишілерде өнер көрсетеді. Ал сағат 8 ден бастап жастарға арналған шоу бағдарлама ұйымдастырылмақ.Онда түрлі ойындар мен көңілді конкурстар өткізіледі. Ұйымдастырушылар мұндай қызықты бағдарлама бұрын соңды болмаған деп отыр. Мереке соңы би кешіне ұласады.

Тимур Асылбеков-мәдени-сауық орталығының хореографы

«Кешкі 5 те балалар арасында сурет салудан байқау өтеді. Ал сағат алтыда мерекелік концертімізді бастаймыз. Рухани жаңғыру бағдарламасына арнап флеш-моб билейміз. Ал сағат 8 ден бастап шоу бағдарлама басталады. Өте қызықты болады.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *