Балқашта алғаш рет жастар балы өтпек

Балқашта алғаш рет жастар балы өтпек. Бұрың-соңды болмаған мұндай шараға қазір өтініштерді қабылдау басталды. Ал би кешіне 14 пен 29жас аралығындағы қала тұрғындары қатыса алады.Бірақ, бойжеткен-қыздардың бойы 1 метр 61 см-ден кем болмауы керек. Ал ер-балалардыкі 1 метр 73 см ұзын болуы тиіс. Бастысы қатысушылардың би қимылдарына икемі болғаны абзал. Балға қатысамын деушілер өтініштерін 18 қазанға дейін жастар ресурстық орталығына өткізе алады. 19 күні кастинг жүргізіліп, би кешіне қатысатын 40 жұпқа жолдама беріледі. Жастар балы 21 қараша күні қаламыздағы әдемі мейрамханалардың бірінде өтетін болады.Толық ақпаратты 4-47-11 телефоны арқылы біле аласыздар.

Айгерім Садуақасова- Жастар ресурстық орталығының психологы:«Бізде қаламызда жастар балы осы Балқаш қаламызда бірінші рет өтейін деп жатыр.Бұл бал бізде мейрамханада өтеді.Ұлдарымыз қара смокинг киеді.Қыздар ақ көйлекте болады.Егерде қатысамын деушілер болса осы жастар ресурстық орталығына келіп өтініштерін тастап кетуге болады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *