Балқашта 950 тонна ескі асфальт қолды болды

950 тонна  ескі  асфальт  қолды  болды.  Оны мердігер  компанияның  жеке қолға таратып жібергені  белгілі  болды. Тұрғын-үй шаруашылық  бөлімінің  қызметкерлерінен құралған  комиссияАғайынды  Мусиндер,  Амангелді  және Әлімжанов  көшесіндегі жолдардан алынған асфальт үгінділерінің қайда  кеткенін  анықтады. Нәтижесінде,  ескі асфальттың 50тоннасы    Пушкин  көшесінен, 625 тоннасы  Сейфуллин мен  Ленинен, қалғаны  3 мөлтек  ауданында, 90 орамнан  табылды.  Көбісін жеке меншік   үйлер  есік  алдарына   төсеп   қойған. Алайда оларды   тұрғындар тек  сұрап алдық  дейді.  Дей тұрғанмен, әкімшіліктің  рұқсатынсыз  асфальт үгіндісін  таратқан  мердігер  компанияға   бір реттік ескерту  жасалды.

Нұрболат  Бөлеген-ТКШ  бөлімінің  жетекші міндетін атқарушы

«Осыған  байланысты  қазіргі таңда  мердігер  компанияға   орташа жол жөндеу  жұмыстарын  жасаған мекемеге өзіміздің  ескертулерімізді  білдірдік.Болашақта осындай  мәселелер  болатын болса  басқаша  қатаң жаза түрлерін  қолданатын боламыз.Сонымен  бірге,  Ленин көшесінде жөндеу  жұмыстары жүргізіліп жатыр.Одан  шыққан  асфальт  жабындылары қазіргі таңда олардың базасында  сақтаулы тұр ».

Ал  келесі  аптадан бастап Ленин  көшесінен  шыққан  ескі  асфальт Техснаб, 64 орам,  жұмысшылар  кенті  мен  профилакторияға баратын  жолдарға  төселеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать