Балқашта 6505 әскери бөлімі аукционда сатылады

Балқашта 6505 әскери бөлімі аукционда сатылады. Оған қатысып 1 гектар жердің иесі атануға мүмкіндік бар. Онлайн байқаудың үшінші кезеңі 7 тамыз күні өтеді.  6505 әскери бөлімі Балқаш-4 станциясында  бұрынғы АК 159/21 түзету мекемесінің жанында орналасқан. Ұйым 2016 жылы жабылып, қаланың коммуналдық меншігіне өткен болатын. Ал сәуір айыда 16млн теңгеге бағаланып, аукционға қойылды. Алғашқы екі кезеңде сатып алушылар болмаған. Үшінші кезең gosreestr.kz. сайтында онлайн түрде 7 тамыз күні өтеді. Мамандардың айтуынша әскери бөлімнің қазір бағасы төмендеген. Алайда, нақты құны аукцион кезінде жарияланады.

Зауре Шлықова –Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі

«Үшінші аукцион 7 тамыз күні өтеді. Біз барлық кәсіпкерлерді оған қатысуға шақырамыз. Бұл аукцион болғандықтан оған қатысушыларға ешқандай міндеттемелер қойылмайды».

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *