Балқашта 4 баланы кене шақты

Жылдың басынан бері кене шаққан 4 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның барлығы да балалар. Тырысқақ секілді түрлі қауіпті ауру тарататын бұл жәндік бүлдіршіндерді таулы-орманды аймақта емес, қалада шаққан.  Соңғы оқиға мамыр айындағы мереке күндерінде болды.  3 жастағы сәбидің денесінен кенені көрген ата-анасы қансорғыш жәндікті өздігімен үйде жұлып алып, кейін дәрігерге жүгінген. Абырой болғанда баланың денсаулығына еш зиян келмеді. Ал кене шаққан қалған 3 бүлдіршінді жақындары бірден ауруханаға әкелген. Жәндікті алған мамандар оны зерттеуге жіберген. Оның қорытындысы бойынша ешқандай қауіпті инфекция анықталмаған.

Сәуле Қапенова — халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі

«Жыл сайын кене шағып, ауруханаға жүгінетін тұрғындар саны артып келеді. Бұл дегеніміз қансорғыш жәндіктер көбейіп келеді деген сөз. Әсіресе саябақтарда, саяжайларды кездесуі мүмкін.

Егер кене шаға қалса оны жұлуға болмайды. Одан да бірден дәрігерге қаралу керек. Ал ондай мүмкіндік болмаса  жәндікті алу үшін шырпының отын тигізу қажет. Немесе май жағуға болады. Тітіркенгеннен өзі түсіп қалуы тиіс. Деседе, бұл процедураны мамандар жасағаны дұрыс. Себебі ол жыланнан да қауіпті болып саналады. Ауру таратушы болса, адамды мерт қылуы да мүмкін.

Сәуле Қапенова — халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі

«Кенені жұлып алуға болмайды. Себебі оның тұмсығы денеде қалып, денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтанда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.»

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать