Балқашта 3 күн бұрын жоғалып кеткен бала әлі табылмады

Балқашта үш күн бұрын жоғалып кеткен бала әлі табылмады. Қазіргі уақытқа дейін 2 жасар Бекнұр Дәріғұл туралы ешқандай хабар жоқ. Техснаб кентінде іздеу жалғасуда. Бүгінгі тексеріс жұмыстары кентте қарқынды іске асуда. Құтқарушылар таңғы сағат 7-ден бастап кеш қарайғанға дейін көл маңында тінтіп шықты. Сүңгіуірлер жағадан 150 метр қашықтықтағы су астын, қамыстарды аралады.Оған жергілікті 10 балықшы 5 қайықпен жүзіп көмектесті.Сондай-ақ Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері үй-үй қайтадан тексеріп, қора-сарайларды қарады. Ерікті жандардан құралған 200-ден аса балқаштықтар түңгі 12-дейін қуыс-қуыстарды тексерді.Іздеу жұмыстарына кинологтармен қатар,жоғарыдан түсіретін камера да жұмылдырылды. Бірақ, одан ешқандай нәтиже болмады. Үштүгейлі жоғалған бала сол беті хабар-ошақсыз.

Бауыржан Хабдуллин Балқаш қаласының ТЖБ басшысы:«Бүгінгі күні жоғалған бала туралы ешқандай ақпарат жоқ.Іздеу жұмыстары жалғасуда. Әлі аяқталмайды. Күн сайын сүңгуірлер Техснаб кентіне қарасты судың астын қарап, қамыс маңдарын тексеретін болады».

Еске сала кетсек, 2жасар Бекнұр Дәріғұл осыдан үш күн бұрын жоғалып кетті.Сол күні үстінде қызыл жейде, ақшыл түсті колготкиі, тоқыма шұлығы болған. Шашы мен көзі қара-қоңыр.Егер осы баланы көрген болсаңыздар экранда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Ұш қыздан кейінгі ұл туралы кез-келген ақпарат маңызды.
Байланыс телефондары: 102, 8 705 326 86 98, 8 778 359 17 58

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать