Балқашта 17 жер телімі байқауға қойылады

Балқашта  жер алуға байқау жүргізілмек. Бірақ, оған тек  ауыл шаруашылығымен  айналысамын дегендер  ғана қатыса  алады.  Өйткені, саудаға  қойылатын   17  жер учаскесі  осы  саланы дамытуға арналғанАл байқау 9 — ақпан күні  қалалық әкімшілікте сағат 4-те ұйымдастырылады.Оған қатысамын дейтін  тұрғандар алдымен жер қатынастары, сәулет және  қала  құрылысы бөліміне барып өтініш  беру керек. Онда   бизнес  жоспарды ұсынып, қолда бар техника мен мал санын  көрсету қажет.  Содан  кейін  байқау  арқылы әрбір үміткер   2500 гектарға дейін  жерді  жалға ала алады.  Айта кетейік,  мал санын  өсіріп, ауыл шаруашылығымен  шұғылданамын деген  тұрғындарға  жер Балқаштың  солтүстік  және Саяқ  кентінен  берілетін болады.  Бүгінгі күні   оған ниетті  6 азаматтан  өтініш  түсіп үлгерді.

Саламат Садвақасов – қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекші орынбасары

« Бұған ҚР  азаматтары  және оралмандар қатыса алады.Былтыр  2017 жылы осы жерлерді  халыққа беру үшін,  жерге орналастыру  жобасын  құру үшін   1  млн теңге  бөлінген.Қазіргі уақытта  22  жерге орналастыру  жобасын  дайындадық. Оның 17- 9 ақпан  күні   конкурсқа қойылды.Ал қалған 5 учаскесі  ағымдағы   жылы  қойылады».

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *