Балқаш жаңалықтары 9 шілде 2018

1.Судан келген ажал. Өткен мерекелік демалыс күндері Қазақстанда 20 адам суға батып қаза тапты. Оның ішінде көбісі сақтық шараларына мән бермей, қауіпсіздік ережесін ескермегендер. Арасында 13 бастағы балқаштық жасөспірім де бар.

2. Қарағанды облысында ауаға тасталған зиянды заттардың көлемі артқан. 2017 жылы 598 мың 700 тонна улы зат атмосфераны ластаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 пайызға артық.

3. Балқашта күріш, пияз, жұмыртқа 5-20 теңгеге арзандады. Бірақ, керісінше қант қымбаттауда. Шілде айына дейін тәтті ұнтақ 250 теңгеден сатылса, қазір бір келісі 290 теңге тұрады.

4. Балқашқа 13 тонна қарбыз әкелінді. Биылғы жылы бұл өнім дүкен сөрелерінде жылдағыдан кеш пайда болды. Алғашқы партиясы маусым айының соңында әкелінген.

5. Балқаштық оқушылар Астанаға шақырту алды. Елордаға қаламыздан 50 бала барады. Олар оқу үздіктері, талант иелері және жарыстарда жеңіске жеткен спортшылар. Сонымен бірге ата-ана қамқорлығынан айырылған бүлдіршіндер, көпбалалы жанұядан және жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар да Астананы көріп қайту мүмкіндігіне ие болып отыр.

6. Ала жаздың аптап ыстығы әлі сақталмақ. Синоптиктердің айтуынша Балқашта апта соңына дейін термометр бағанасы тағы көтерілмек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать