Балқаш жаңалықтары 7 тамыз 2018

1.Жыл басынан бері Балқашта 5 әйел 2 әке ата-ана құқығынан айырылды. Нәтижесінде 8 бала тірідей жетім атанды. Олар — 3 пен 15 жас аралығындағы балалар. Ата-ана құқығынан айырылғандардың көбісі ішімдікке салынып, ІІБ және наркологиялық диспансерде есепте тұрғандар.

2. Балқаштықтар сал ауруына шалдыққан Алида Дидарқызының еміне қаржы жинауда. Бүгін «Үміт жолы» қоғамдық қорының мүшелері ақша жинау үшін қойылған жәшіктердің бірін ашты. Нәтижесінде 2 айдың ішінде тұрғындардан 60 мың теңге жиналды.

3.Балқашта канализациялық желілерді жаңалауға 1 млрд теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары былтыр басталған. Қазір екінші кезең жүргізілуде. 2017 жылы Спицын көшесінің бойында жер қазу үшін жарылыс жасалып, 8 метр тереңдікке 280 метр құбыр салынды.

4. Балқашта биыл 300 кәріз құдығының қақпағы жаңаланады. Мамандар ашық жатқан құдықтарды полимерлі және гранит пен тас үгінділерінен жасалған қақпақтармен жабады.

5. Балқашта 1 жасқа дейінгі 100 бала жасанды сүтпен тамақтанады. Осыны ексерген мамандар бүгін ана сүтінің құрамы мен қасиетін дәріптеді. Кеңестік-диагностикалық орталықта ашық есік күні өтті.

6. Жаңа оқу жылының басталуына 3 апта уақыт қалды. Қазір ата-аналар мен оқушылар 1 — қыркүйекке дайындалу үстінде. Мектепке керекті зат таңдау барысында бәрінен бұрын сөмкені дұрыс таңдай білу қажет.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *