Балқаш жаңалықтары 7 маусым 2018

Жол көлік оқиғасынан мемлекет мүлкіне зақым келді. Кеше Ағыбай батыр көшесіндегі қоршауға тағы да бір көлік соғылды. Жол көлік оқиғасы сағат 8 жарымның кезінде болды.

Гүлшат кентінде күн электр станциясы тұрғызылатын болды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа Гүлшатқа барып, «Жасыл» экономика тұжырымдамасы аясында күн сәулесін электр энергиясына айналдыратын жобаны тексерді.

Биыл балқаштық ата-аналар үйден шықпай-ақ ҰБТ-дің өту барысын бақылай алады. Басты сынақ өтетін №7 мектепке айпи маркалы 30 камера сатылып алынды. Олардың көмегімен онлайн түрде көрсетілім жасалады.

Құран әліпбесінен дәріс аламын деуші балқаштық оқушылар қалалық мешітке барса болады. Онда биыл діни сауат ашу курстары жалғасын тапты.

Балқашта суару жүйесі неліктен толық іске қосылмаған. Бұл сұраққа бүгін коммуналшылар жауап берді. Мамандардың айтуынша, қаланың сол жақ қанатындағы ағаш-талдарға 1- мамырдан бастап су жіберілген.

Балқаштың орталық базарында жарапазан айтылды. Көне дәстүрді жаңғыртқан үш жігіт жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать