Балқаш жаңалықтары 6 ақпан 2018

Балқашта жыл басынан бері 3 адам интернет алаяқтардан зардап шекті. Бұл ІІБ келіп, арыз жазғандары. Ал тәртіп сақшыларына жүгінбегендері қаншама. Бәрі де арзан бағамен тауар аламыз деп, ақша жіберіп артынша сандарын соғып қалған. 10 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қағылған.

Қазбекова көшесінде ауыз су 5 күн бойы далаға ақты. Жол астындағы құбыр жарылып, көше көк тайғаққа айналды. Бірер күнде мұз қабаты қалыңдап кеткен. Ал Балқаш су мамандары болса апатты жоюға бүгін ғана кірісті.

Балқашта жер алуға байқау жүргізілмек. Бірақ, оған тек ауыл шаруашылығымен айналысамын дегендер ғана қатыса алады. Өйткені, саудаға қойылатын 17 жер учаскесі осы саланы дамытуға арналған.Ал байқау 9 ақпан күні қалалық әкімшілікте сағат 4-те ұйымдастырылады.

Балқаштықтар полицейлердің көмекшісі атана алады. Өйткені, жергілікті полиция қызметіне қоғамдық қызметкерлер қажет. Бүгіннен бастап ІІБ қабылдау жүргізілуде. Бірақ, ниет білдірушілер заңмен бекітілген талаптарға сай іріктеледі. Біріншіден көмекші 18 жастан асуы керек.

Балқаштық сәнқойлар үшін жағымды жаңалық.Қаламызда алғаш рет Ресейлік «Эталон Меха» фабрикасы тондар көрме-сатылымын өткізуде. Нарықта 20 жылдық еңбегі бар кәсіпорын сәнді әрі сапалы өнімдерін мәдениет сарайында қолжетімді бағамен ұсынып отыр.

Балқаштық жеңіл атлетшілер облыс чемпионатында қос медаль ұтып алды. Қоржынға алтын мен бірге қола салған қыздар балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Дарья Жунусова мен Карина Кадырманова.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *