Балқаш жаңалықтары 4 шілде 2018

1) Балқашта белгісіз біреулер аулада тұрған көлікті сындырып, бояу жағып кетті. Бұзақылық әрекет Сәбитова мөлтек ауданында болды.

2) Балқаштық тұрғындар үй ауласында жайылып жүрген жылқыларға шағым түсіруде. Тіпті оларды суретке түсіріп, біздің редакциямызға жіберді.

3) Түсік тастау бойынша Қарағанды облысы үздік үштіктің қатарында. Денсаулық сақтау министрлігі жария еткен статистикаға сүйенетін болсақ орталық өңірде 2810 әйел баласын алдыртқан.

4) Үйсіздер үміт артқан 7-20-25 бағдарламасының серіктестері анықталды. Енді қазақстандықтар ипотекалық несиені еліміздің 7 банкінен ала алады. Тізімде Банк ЦентрКредит, Еуразиялық банк, АТФ Банк, Bank RBK, Қазақстанның Ұлттық банкі, Цеснабанк, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бар.

5) Колледж және университет бітірген түлектер жастар практикасынан өтуде. Меңгерген мамандығы бойынша тәжірибе жинауға биыл 14 жас маман түрлі мекемеге жұмысқа жіберілген.

6) Әне-міне дегенше жайдары жаздың бір ай өтіп кетті. Бірақ, осы уақытқа дейін біреулер басқа қалаға барып келсе, енді бірі тек еңбек демалыстарына шығып жатыр. Осы орайда біз балқаштықтардың жоспарларын біліп қайттық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать