Балқаш жаңалықтары 3 шілде 2018

1) Электр энергиясының ақысын төлемеген балқаштықтардың қарызы 72 млн теңгеден асқан. Балқашқа тоқ көзін жеткізіп отырған «Қазэнерго» мекемесі қазір борышкерлермен күрес жүргізуде.

2) Бүгін қалалық әкімдікте кадрлық өзгеріс болды. Ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына 27 жастағы Еркен Беркенов тағайындалды.

3) Қарағанды облысында 5 күннің ішінде 5 бала терезеден құлап, үшеуі аман қалды. Ал қалған екеуі алған жарақаттарын жеңе алмай қайтыс болды.

4) Еліміздің облыстары Астананың 20 жылдығына арнап құны қымбат, көлемі ірі түрлі сыйлықтарын жасауда.

5) Балқаштықтар қабырғаға сурет салып 150 мың теңге ұтып ала алады. Қарағандыда граффити суретшілердің арасында байқау өтпек. Оған өтініш қабылдау 31 шілдеге дейін жүргізіледі.

6) Шаһарда 7 шілде күні футболдан Қазақстан біріншілігінің екінші айналымы жалауын көтереді. «Мысшылар» стадион кешенінде жерлесіміз алматылық команданы қарсы алып, чемпион атағына тырысатын болады.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *