Балқаш жаңалықтары 3 сәуір 2018

5 әлеуметтік бастама-Елбасының халыққа деген ерекше қамқорлығы. Соның арқасында қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға болады дейді бүгін шаһарға келген Парламент Сенатының депутаттары. Елордадан ат басын бұрғын ақпараттық топ нөмір 15 мектеп-лицейде білім саласының мамандары мен бірге жас буын өкілдерімен кездесті. Онда балқаштықтарға мемлекет басшысы бекіткен 5 әлеуметтік бастама атты құжаттағы атқарылатын істерге жеке- жеке тоқтала өтті.

Тілсіз жауға-тойтарыс. Бүгін балқаштық өрт сөндірушілер оқу орындарын тексеруге кірісті. Биылғы жоспарға сәйкес 170 нысанның өртке қарсы дайындығы тексеріледі. Мамандар құжаттардан бастап, барлық құрылғыны қатаң сыннан өткізбек.

Қаламыздағы Пульс газетіне бүгін 20 жыл толды. 1998 жылы 2 сәуірде баспаның алғашқы нөмірі жарыққа шыққан. Мереке иелерін қалалық әкімдікте шаһар басшысы Александр Аглиулин құттықтады. Газет редакциясы қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысқаны үшін облыс әкімі ерлан Қошановтың алғыс хатымен марапатталды.

«Пульс» газетінің туған күніне орай бүгін флешмоб ұйымдастырылды. Оқырман қауым мен қаламгер арасындағы байланыстың алтын көпірі бола отырып, дәстүрлі басылымға айналған редакция ұжымын қаламыздың кіші буын өкілдері би билеп, құттықтауларын жеткізді.

Балқашта бірыңғай коммуналдық төлем орталығы ашылды. Мәдениет сарайында орналасқан кассалар мен абоненттік бөлімдер жаңа ғимаратқа көшті. Енді қала тұрғындары су, жарық және жылудың ақысын бұрынғы қазынашылық мекемесіне барып төлейді.

Мемлекеттік қызметші әдептен озбауы тиіс. Атқарушы орган қызметкерлері біліктіліктерімен ғана емес, халыққа қызмет көрсетуде үлгі болуы қажет. Ол үшін елімізде мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары атты арнайы кітапша шығарылды. Оны балқаштық мемлекеттік қызметшілерге қала әкімінің орынбасары Айдын Қапашев таныстырды.

Есімде жоқ, бірақ, ол жасыл! Оқырмандар көбінесе әдебиеттің атауын ұмытып, тек түсін ғана жаттап алатындықтан орталық кітапханада тек жасыл кітаптар көрмесі өтуде. Сөреге 60-тан аса оқулық қойылған. Арасынан кез-келген жанрды табуға болады.

Сүйікті кітабыңымен селфи жаса! Орталық кітапхана осындай атаумен қала тұрғындары арасында байқау жариялады. Жеңімпаздар қалаған кітабына ие болады. Оған қатысу үшін өзіңізге ұнаған әдебиетпен суретке түсіп оны инстаграмм желісіне жариялау қажет. Суреттің астына міндетті түрде #сүйіктікітапбалхаш хештегін жазу керек. Ал жеңімпаздар лайк арқылы анықталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать