Балқаш жаңалықтары 26 шілде 2018

Орталық аурухана аймағы мал жайылымына айналған. Емдеу мекемесінің күзетшілері жылқылар мен ешкілерді күнде қуып жалыққан. Дәлел ретінде біздің редакциямызға видео жіберді. Көріп тұрғандырыңыздай 4 ат аурухананың тура алдында жүр.

Ленин көшесінде суару жүйесі пайда болады. Жолды жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер компания іске кірісті. Суару жүйесі жолдың тура ортасына салынуда. Көшенің басынан соңына дейін созылады. Жалпы ұзындығы 3000 метр.

Миссия Сибирь экспедициясының қатысушылары Балқашқа келді. Литва азаматтары қуғын-сүргінге ұшыраған жерлестерінің қабір басына барып, зираттарды зерттеп, оларды ретке келтіру үшін жолға шыққан.

Миссия Сибирь экспедициясымен бірге атақты литвалық архитектор Альгис Вишнюнас келді. Оның ата-анасы Балқаш лагерінде тұтқында болған. Мәдениет сарайын салған кезде құрылысқа атсалысып, безендіру жұмыстарымен айналысқан.

Бүгін парашютистер күні. 1930 жылы 26 шілдеде кеңес одағының ұшқыштары алғаш рет ұшақтан парашютпен секірген. Содан бері аспан әлемін бағындырушылар бұл күнді атап өтеді. Балқашта жақында оқу-жаттығу өтті. Әскер клубының тәлімгерлері мен әскерилер 500 метрден және 3.5 мың метрден суға секірді.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать