Балқаш жаңалықтары 26 қаңтар

Балқашта 50-ден аса көліктің балонын жарып кеткен 2 қала тұрғыны ұсталды. Құйтырқы әрекеттері арқылы елді шулатқан бұзақылардың бірі кеше қолға түсті. Оны полиция қызметкерлері бейнекамералардың арқасында тапқан.

Балқашта бұрыңғы құрылысшылар сарайы үшінші рет өртке оранды. Онда тағы да сахна жанды. Бұл жолғы тілсіз жау таңғы сағат 5-те басталды. Оны өтіп бара жатқандар байқап, мамандарға қоңырау шалған. Содан дереу оқиға орнына 2 техника мен 8 маман келді. Олар өрттің сахна астындағы қоймадан шыққанын байқап, сөндіруге көшеді. Алайда, бөлме ағаштан жасалғандықтан, өрт 50 шаршы метрге дейін шарпи түскен. Сондықтан жалынды ауыздықтау үшін 1 сағаттай уақыт жұмсалды. Кейін анықталғандай, өрт тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдардың кесірінен болған деседі.

Күн сайын елімізде аяздан зардап шеккендер артып келеді. Қазіргі күні Қазақстан бойынша 200 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінсе, Қарағанды облысында 90-ға жуығы ем-дом қабылдауда. Ал Балқашта үсік шалған 5 адам ауруханаға түскен. Оның ішіндегі екеуі қазір травмотология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Екі күннен бергі үскірік аяз балқаштықтарды әбігерге салуда.Күн сайын төмендеген сынап бағанасының салдарынан бүгін тағы да мектептерде сабақ болмады. Көліктер қызбай, жүруден қалды. Ал осындай қақаған суыққа тұлпарларды қалай дайындау керек? Мамандардың пікіріне құлақ түрейік.

Балқаштықтар ақша жинап, көмек берген Ислам Тұрсынның бір көзіне операция жасалды. Ота Санкт-Петербург қаласында, балалар клиникалық ауруханасында өтті. Біз Исламның ата-анасымен хабарласып, баланың жағдайын білген едік. Әкесі қуанышты хабармен бөлісті.

Балқаштық жұмыссыздар мен кәсіпкерлер мемлекеттен төмен пайызбан несие ала алады. Қазір жұмыспен қамту орталығында ниет білдірушілерден өтініш қабылдау басталды. Шағын несиенің көлемі 19 млн дейін.

Балқашта 100-ден аса бос жұмыс орны бар. Әсіресе ұстаздарға деген сұраныс көп. Аула сыпырушылар мен күзетшілерге де сұраныс жоғары.

Балқашта алғаш рет офицердің әйеліне медаль табысталды. Әскерилердің жұбайына арналған мұндай награда Қазақстанда осыдан 3 жыл бұрын бекітілген.

Мәдени мұра-рухани қазына.Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ерекше көрме өтуде. Бұл жолы балқаштық оқырмандар назарына бірыңғай қызыл түсті кітаптар ұсынылды. Бір сөреге 50-ге жуық оқулықтар қойылған.

Жас қанат» жас таланттарды шақырады. Балқашта 22-ші рет жас әншілер мен шоу-бағдарлама жүргізушілері арасында байқау өтпек. Оған бүгіннен бастап өтініштерді қабылдау басталды. Бекітілген шартқа сәйкес «Жас Қанат»сайысы 16 мен 30 жас аралығындағы өнерпаздар арасында ұйымдастырылады.

Тропикалық тірі көбелектерді көруге мүмкіндік туды. Балқашта аталған жәндіктің түр-түрін тамашалауға арналған көрме ашылды. Онда тек нәзік жәндіктерді ғана емес түрлі жыландарды, маймылдарды, қояндар мен құстарды көруге болады.

Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін 23 қысқы олимпиада жеңімпаздарына Үкіметтен қанша қаржы төленетіні белгілі болды. Спорт және мәдениет министірлігінің мәліметінше Қазақстанның қоржынына алтын салған спортшыға 250 мың доллар беріледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать