Балқаш жаңалықтары 25.09.2018

1) Ертең қалада донор күні өтеді. Қан тапсыру өзің үшін де, өзге үшін де пайдалы. Алайда донор болу үшін дайындық керек. 2-3 күн бұрын алкагольді сусындардан және кейбір тағамдардан бас тарқан жөн.

2) Балқашта мұғалімдер мен тәрбиешілер жетіспейді. Тәрбие және білім беру мекемелеріне 50-ге жуық ұстаз қажет. Әсіресе химия, тарих, математика, ағылшын және дене шынықтыру мұғалімдері сұраныста.

3) Мүмкіндігі шектеулі балқаштықтар компьютер тілін тегін меңгере алады. Ерекше жандар үшін мүгедектер қоғамында информатика кабинеті жұмыс істейді.

4) Елімізде 1 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен депозит ашу шарттары өзгереді. Енді салымдар мерзімді, мерзімсіз және жинақ болып бөлінеді. Сыйақы мөлшерлемесі салымның түрі мен уақытынан бұрын алу және толықтыру құқығына байланысты сараланады. Осы тұста балқаштықтардың пікірін білелік. Жерлестеріміз ақшаларын қайда сақтайды?

5) Балқаштық музыканттар үш жылда бір рет өтетін облыстық жарыстан жеңіспен оралды. Өнер мектебінің тәлімгерлері флейта аспабында ойнап, бірі бас жүлдеге ие болса, бірі күмістен алқа тақты.

6) Балқаштық «Металлург» футбол командасы Қазақстан біріншілігінің «А» лига ойын кестесінде екінші орында. Бүгінгі күні жерлестеріміздің қоржынында 39 ұпай бар. Соңғы ойын Оңтүстік Астанада «Алма-ата» клубымен өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать