Балқаш жаңалықтары 24 шілде 2018

1.Қарағандыда «Zeta» дүкенін өртеген күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полицейлер оған қатысты өзгенің мүлкін қасақана өртеу бабы бойынша іс қозғады.

2.Ерғазы Ибраев осыдан бір ай бұрын жоғалған болатын. 20 маусым күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Содан туыстары полицияға жүгінген. Ал оны тәртіп сақшылары Ақтоғай ауданынан тапты.

3.Балқашта ыстық су мен жылудың ақысы қымбаттайды. Су Жылу Транс мекемесі 1 тамыздан бастап тариф құнын көтермек. Яғни жаздың соңғы айында түбіртектегі бағалар өзгереді.

4.Балқашта мәдениет сарайының артындағы саябаққа wi-fi камералар орнатылды. Енді полиция қызметкерлері ондағы тәртіптің бұзылмауын бейне құрылғылар арқылы бақылайды.

5.Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтетін жерде жөндеу басталды. Қыркүйек айына дейін сауда-саттық аймағында жаңа сөрелер мен қоршау және автотұрақ пайда болады.

6.Оңтүстік батыстан соққан циклон Балқашқа жел мен суық күндер ала келді. Синоптиктердің болжауынша жазға тән емес мұндай ауа-райы бір екі күн сақталады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать