Балқаш жаңалықтары 23 шілде 2018

1.Қалаға кіре беріс жолда екі көлік қақтығысып, 7 жолаушы зардап шекті. 2 адам көз жұмды. Оның бірі бір жастағы нәресте болса, екіншісі 34 жастағы азамат. Қайғылы оқиға 21 шілде күні түнде болған.

2. Қала әкімі және қалалық маслихат мердігерлерді сынға алды. Аулаларды аббаттадыру, жолдарды жөндеуді өз қолдарына алған құрылыс компанияларының жұмысы қала басшысылығының көңілі толмайды. Қалалық әкімдікте өткен жиналыста қоғамдық бақылаушылар фирмалардың кемшілігін бетіне басты.

3.Мүмкіндігі шектеулі жандар сауда нүктелеріндегі мүгедектерге арналған шақыру түймешігінің жұмыс істемейтінін айтып шағымдануда. Соның салдарынан қоларбаға таңылған жандар үшін дүкенге кіріп нан мен сүт алу қиынның қиынына айналған.

4. Балқашта қыркүйек айына дейін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі болмайды. Сауда саттық өтетін аймақта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол себепті жәрмеңке уақытша тоқтатылды. Ал жоспар бойынша сауда аймағына асфальт төсеп, сыртына жаңа қоршау салынады.

5. 30- ға жуық балқаштық өзіне тұрғылықты жұмыс тапты. Балқашта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы жұмыспен қамту орталығының мамандары және жұмыс берушілер екі қолға бір күрек іздеп жүрген тұрғындарды далада, мәдениет сарайының жанында қабылдады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать