Балқаш жаңалықтары 21 мамыр 2018

1) Балқашта демалыс күні бір күнде бірнеше өрт оқиғасы тіркелді. Қызыл жалыннан Қоңырат мөлтек ауданында бір ғимарат өртеніп, қалада 9 гараждың күл-талқаны шықты.Салдарынан 2 ит тірідей жанып кетті.

2) Сенбі күні зейнеткер өлім аузынан аман қалды. Төтенше жағдай қызметкерлері бір тәулікке жуық есік ашпаған 80 жастағы әжейді құтқарды.

3) Көл жағалауында жер құрттары қаптап кетті. Тұрғындар жәндіктерді «Танк» және «мәңгілік алау» монуметтерінің маңынан байқаған.

4)Заңсыз балық аулауғандардың жолы кесілді. Мамыр айының басынан бері бүгінгі күнге дейін балық ауламақ болған 8 адамға 192 мың теңге айыппұл салынды.

5) Балқаш қаласындағы мекемелерге түрлі жұмыскерлер мен қызметкерлер қажет. Екі қолға бір күрек іздеп жүрген жандарға 300 ден аса бос жұмыс орны бар.

6) Балқашта жас құтқарушылар сайысы өтті. Оқушылар тапсырма бойынша үйіндінің астында және көлге батқан адамдарды құтқарды. Алғашқы көмек көрсету бойынша емтихан тапсырды.

7) Сондай-ақ бүгін мектеп оқушылары арасында Президенттік көпсайыс спартакиадасы басталды. Оған қаланың барлық мектептері қатысып, екі күннің ішінде ең шапшаң, ең жылдам деген қатысушыларды анықтайтын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать