Балқаш жаңалықтары 20 тамыз 2018

1) Көптен күткен жөндеу. Ленин көшесіне асфальтты төсеу жұмыстары басталды. Құрылысшылар 17 орам жақтан төмен қарай, яғни Ағайынды Мусиндер көшесіне дейін бір жақ жолдың бірінші қабатын салып бітті.

2) Балқаштағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне 16 млн. теңге бөлінді. Жергілікті қазынадан қарастырылған бұл қаражатқа нысанның іші мен сырты толық жөндеуден өтуде. Қазіргі күні құрылысшылар жөндеу жұмыстарын 70 пайызға аяқтап бітті.

3) Ертең 21 тамыз күні күллі мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан айт басталады. Бүгін де берекеге бастайтын мерекеге дайындық жоғары. Балқаштықтар құрбандық шалуға әзірленіп,мал сатып алуда.

4) Балқашта жайдары жаздың ыстық күндері аяқталып, күн суытады деп күтілуде. Синоптик мамандардың болжамынша алдағы күндер жаңбырлы, желді болмақ.

5) Қазақстан Азия ойындарында алғашқы алтынға ие болды. Және төрт жүлдені балуандар қоржынға салды.Осындай көрсеткіштердің нәтижесінде біздің ел 5-ші сатыға тұрақтады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать