Балқаш жаңалықтары 20 маусым 2018

1)Балқаштық жомарт жандар үдемелі бұлшық ет дистрофиясына шалдыққан қыз балаға қажетті ақшаны жинап берді. Енді Ажар Аман 800 мың теңгемен Мәскеуге барып, толық тексерістен өте алады.

2) Пәкістанда өндірілген шайлар құрамында пайдалануға тыйым салынған синтетикалық бояғыштар анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті хабарлады.

3) Қазақстанда жаңа облыс пайда болды. Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Елбасының жарлығымен ресми түрде Түркістан облысы деп өзгертілді.

4) Экстермистер мен терористер өз құрбандарын интернет арқылы табуда. Ал олардың алдауына түспеу үшін не істеу керек? Бүгін Балқашта осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбіді. Қ

5) Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды. Басты сынақ елімізде осымен 15 ші рет өткізіліп отыр. Биыл Республика бойынша 102 442 түлек тестегі 120 сұраққа жауап береді. Ең жоғарғы бал-140. Орташа ұпай-50. 2017 жылдан бастап ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Ал балқаштық 360түлек 23 күні өз білімдерін сынайды. Осы орайда оқушылардың грантқа түсу үшін көп бал жинағылары келетіні анық. Ал ол үшін қандай наным-сенімге жүгіну керек?

6) Шаһарда бокстан спорт шеберлерін еске алуға арналған халықаралық турнир басталды. 8-ші рет жалауын көтерген дәстүрлі додаға Қазақстаннан өзге Өзбекстан, Ресей, Монғолия, Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің 200-ден аса спортшылары жиналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать