Балқаш жаңалықтары 20 ақпан 2018

1.Көлікті ұрлап қашып, жол апатына түскен балқаштық сотталды. Судьяның шешімімен ол 1 айға бас бостандығынан айырылды. Ал оқиға өткен жылы желтоқсан айында болды. 19 жастағы жігіт «Мазда» маркалы көлікті туысқанынан рұқсатсыз алып, көшеге шығады.

2. 2 жасар Жәнел Тұрсынханға қаржылай көмек қажет. Онкологиялық ауруға шалдыққан бүлдіршіннің денсаулығы күн санап нашарлауда. Баланың ішкі құрылысына анықталған ісік күн санап үлкейуде, онымен қоса ішіде өсе бастаған. Қазір Жәнел анасымен бірге Астана қаласындағы «Ана мен Бала» орталығындағы онкологиялық бөлімінде ем қабылдап жатыр.

3. Бас бостандығына шектеу қойылған балқаштықтар қайта жазаға тартылды. Екі сотталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Себебі қылмыскерлер көшеге шығуға тыйым салынған уақытта қыдырып, тәртіпті бұзған. Былтыр пробация бөлімшесінің осындай талаптарын орындамаған үш азамат қайтадан сотталды.

4. Балқаш тұрғыны қала әкіміне көршілерінің үстінен шағым түсірді. Айтуынша жоғары қабаттағы пәтер жалға беріледі. Ал онда келетіндер үнемі шулап, ұрыс-керіс шығаратын көрінеді. Тәртіп сақшылары да бұл жағдайдан хабардар.

5. Латын әліпбиінің тағы бір қазақша нұсқасы пайда болды. Оған Елбасы қол қойып, бекітіп те берді. Жаңа нұсқада бұған дейін қазақтың төл дыбыстарын белгілеу үшін қолданылған аппострофтар алынып тасталып оның орнына диакритикалық таңбалар пайдаланылған.

6.Өткен жылы Балқашта 13 егіз өмірге келген. Ал биыл 2 егіз жұп дүние есігін ашты. Алғашқылары қаңтар айында. Ал екінші жұп 15 ақпан күні туды. Бүгін ХҚКО мамандары бірден қос ұлдың анасы атанған Жанар Баблышеваға сәбилерінің алғашқы құжатын табыстады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать