Балқаш жаңалықтары 20.09.2018

1.Балқаштан 4 шақырым жерде жол апаты болды. Балқаш станциясының маңында екі көлік соқтығысып, екі адам ауруханаға түсті.

2. Денсаулық сыр беретін кез жақындады. Күн салқындап, ауа температурасы төмендеген уақытта суық тиіп, ауырып қалу қатері жоғарылайтыны белгілі. Тұмау үлкен-кішіні талғамайды. Бұл дерт әсіресе қазан, қараша айларында өрши түседі. Ал одан қалай сақтанған жөн? Өзің ауырып, артынша өзгелерге тұмау жұқтырмас үшін нені ескеру керек. Бұл сауалдардың жауабы келесі сюжетте.

3. Мәдениет сарайының ішкі құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Еден мен қабырғалар толық жаңартылды. Өнер орталығында жөндеу жұмыстары маусым айында басталған болатын.

4. Балқашта әлеуметтік такси әлеумет үшін жұмыс істеуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік күн сайын 30-ға жуық шақыртуға барып, ерекше күтімді қажет ететін жандарды діттеген жеріне тегін жеткізуде.

5. Қазақстанда «100 жаңа есім» республикалық жобасының жаңа кезеңіне үміткерлерді қабылдау басталды. Өтінім осы жылдың қазан айының ортасына дейін 100esim.el.kz сайты арқылы қабылданады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать