Балқаш жаңалықтары 2 тамыз 2018

Балқашта мотоцикл жүргізушісі мен қасындағы жолаушысы көлік апатына ұшырап, ауруханаға түсті. Оқиға бүгін түскі бірлердің шамасында Желтоқсан көшесінде нан комбинатының жанында болды. Артына әйелді отырғызып алған мотоцикл жүргізушісі алдындағы «volkswagen»-ге соғылған.

5 тамыз күні асфальт-бетон зауытын іске қосу жоспарлануда. Содан кейін Ленин көшесіне асфальт төсеу басталады. Жолға жауапты қарағандылық мердігер компания қазір бекітілген мерзімнен кешігуде.

Балқашта мемлекеттік мекемелердің ауласына кіріп,орталық аурухананың маңайын торлап елдің тыныштығын алған 4 жылқының иесі табылды. 2 апта уақыт өткеннен кейін жануарлардың кміге тиесілі екені анықталды.

Келесі жылдан бастап сырттай оқу деген болмайды. Мұндай өзгеріс 2019 жэылдың 1 қаңтарынан бастап енеді. Ал ЖОО білім құнын өздері бекітеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады.

Оқу жылының басталуына 1 ай қалды. Биыл Балқашта 1000- нан аса бүлдіршін алғаш рет партаға отырып, оқушы атанады. Алғашқы күндер олар үшін қиын болары сөзсіз. Ал бала оқудан бас тартпас үшін мектепке қалай үйретуге болады?

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать