Балқаш жаңалықтары 19 шілде 2018

  1. Балқашта Техснаб кентінің аймағындағы жылы ағысқа көлік батып кетті. Жигулидің ішінде жүргізушімен бірге 3 жолаушы болған. Абырой болғанда бәрі дін аман.
  2. Балқашта 5 баланың әкесі жоғалды. 47 жастағы Ерғазы Ибраев осыдан бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Содан туыстары полицияға жүгінген. Қазір оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Көрген білгендер болса ІІБ хабарласуын сұрайды.
  3. Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Онда екі қолға бір күрек іздеп жүргендерге 200 ге жуық қызмет ұсынылады. Әсіресе психологтар мен мұғалімдер және техникалық мамандық иелері сұраныста.
  4. Темір концентратын өндіретін зауыт балқаштықтарды көл жағалауын жинауға шақырады. Ертең өндіріс орнының жұмыскерлері кемежай аймағын жиылып қалған күл-қоқыстан арылтпақ.
  5. Балқашта көпқабатты үйлердің подъезінен ертегі кейіпкерлерін көруге болады. Тұрғындар қабырғаларға мультфильм кейіпкерлерінің суретін салып, подъздерін қарасы көз тоймас көрікті жерге айналдырған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать