Балқаш жаңалықтары 18 шілде 2018

1.Балқаштықтарға суық судың ақшасы қайтарылады. Балқаш Су кәсіпорнына мемлекеттен субсидия бөлінді. Соның арқасында 2018 жылдың жарты жылына қайта есептеу жүргізіледі. Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында суық судың ақысы 40 теңгеге қымбаттап балқаштықтар 1 текше метрге 153 теңгеден төлей бастаған еді.

2.Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Онда екі қолға бір күрек іздеп жүргендерге 200-ге жуық қызмет ұсынылады. Әсіресе психологтар мен мұғалімдер және техникалық мамандық иелері сұраныста.

3.Балқашта 6505 әскери бөлімі аукционда сатылады. Оған қатысып 1 гектар жердің иесі атануға мүмкіндік бар. Онлайн байқаудың үшінші кезеңі 7 тамыз күні өтеді.

4.Ақшасыз есептесу! Қазақстандықтар интернет арқылы жиі төлем жасай бастаған. ranking.kz компаниясы ұсынған мәлімет бойынша есеп айырысудың бұл түрін қолданатын тұрғындар саны 2 есеге көбейген.

5.Балқашта алып асықтар пайда болды. Бүгін мәдениет сарайының жанына ұлттық ойынның элементі орнатылды. Олардың саны негізі бесеу. Бүгін үшеуі әкелінді, тағы екеуі ертең жеткізілмек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать