Балқаш жаңалықтары 16 тамыз 2018

1) Жыл басынан бері 10 балқаштық интернет-алаяқтардың арбауына түскен. Сеніп, артынша сан соғып қалған тұрғындар 30 мың тенгеден бастап 300 мың теңгелеріне дейін айырылған. Соңғы жағдай кеше тіркеліпті.

2) 6 күн бұрын Бектау-ата маңында орын алған жантүршігерлік апаттан аман қалған 2 жолаушының бірі ұшақпен Қарағандыдағы Макажанов клиникасына жеткізілді. Ал 5 жасар бала әлі орталық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.

3) Балқашта соңғы кезде аялдама шынысын сындыру фактісі жиілеп кетті. Өткен аптада қала тұрғындарының бірі өнер мектебінің жанындағы аялдама павильионның әйнегін шағып кеткен. Қазір автобус күтетін орында тек 3 шыны ғана қалыпты.

4) Биыл Балқашта 4 көшеде тротуар пайда болады. Молдағұлова, Амангелді, Әлімжанов және Мир көшелеріндегі жол бойына жаңа брюсшаткалар төселмек.

5) Балқашта түберкулез ауруын жұқтырғандар саны көбейген. Өткен жылдың 7 айында бұл дерт 17 адамнан анықталса, осы жылы 22 адамнан табылып отыр. Оның ішінде төртеуі тұрғылықты мекені жоқ азаматтар.

6) Тамыз айының соңғы жексенбісі кеншілер мен кен байытушылар күні. Соған орай 25 тамызда Қоңырат мөлтек ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылады.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *