Балқаш жаңалықтары 16 шілде 2018

1.Балқаштықтар қабір маңайын шашып кетуді әдетке айналдырған. Тіпті белгісіз біреулер зират басында ескі заттарды өртеп, оны өшірмей кеткен. Біздің редакцияға сондай видеолардың бірі келіп түсті.

2. Балқаштық балалар мен жасөспірімдер ешкімге айта алмайтын мәселесін анонимді түрде жеткізе алады. Қарағанды облысында қиын жағдайға тап болған балаларға арналған сенім телефоны іске қосылды.

3. Мысшылар мейрамына орай Балқашта мерекелік концерт өтті. Онда Қазақстан эстрадасы жұлдыздары өнер көрсетті. Сахна төрінде Мадина Сәдуақасова, Жанабай Өтегенов, Әйгерім Қалаубаева, Қарақат пен Қыдырәлі сынды танымал әртістер ән шырқады.

4. Демалыс күні балқаштықтар ашық аспан астында тағы бір концерт тамашалады. Мысшылар мерекесіне орай «Турецкий хоры» өнер көрсетті.

5. Металлургтердің кәсіби мерекесіне орай Балқашта жүзуден жарыс өтті. Судағы сайыс биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылға қарағанда осы жылы қатысушылардың саны екі есе көп болды.

6. Балқаштық футболшылар өз алаңында жеңіске жетті. Металлург командасы алматылық УТЦ ЦСКА құрамасын 1-0 есебімен ұтты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать