Балқаш жаңалықтары 15 ақпан 2018

Балқаштық кәсіпкер бұрынғы құрылысшылар сарайын сатып алды. Енді алдағы күні онда жеке меншік балабақша ашылатын болады.Бүгін құрылысшылар бірінші қабатты тазалауды бастады.

Ауыл шаруашылығымен айналысамын деген 14 балқаштыққа жер берілді. Ниеттілер жер алуға арналған байқауға қатысып, телімдерді жалға алды. Енді олар онда тек мал асырап, ауыл шаруашылығын дамытулары тиіс.

Балқаштық жас кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік. Елімізде «StartupBolashak» республикалық байқауы басталды. Жүлде қоры 7 млн теңге. Өтініштер 16 мен 35 жас аралығындағы жас бизнесмендерден қабылданады. Байқау бірнеше кезеңге бөлінген. Іріктеуден кейін атақты бизнес-тренерлер табысқа жетудің сырымен бөліседі.

Ішімдік сататын саудагерлер «вайпон про» ұялы қосымшасының көмегімен алкагольдік өнімдерді тексеріп отырулары қажет. Салықшылар ережеге бағынбағандарға 1 наурыздан бастап айыппұл салатын болады. Оның сомасы өте қомақты. 120 мыңнан 1.5 миллиоға дейін. Қазіргі таңда Балқаш қаласында 280 сауда нүктесінде спирттік сусындар сатылады.

Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл. 10 жылға созылған соғысқа елімізден 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Ресми дерек бойынша, олардың 924-і қаза тауып, 19-ы хабар-ошарсыз кеткен.

Осы атаулы датаға орай Балқашта алғаш рет студенттер арасында әскери-спорттық ойындар ұйымдастырылды. 7 колледждің ер балалары топқа бөлініп физикалық дайындықтарын көрсетті. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде пневматикалық қарудан атып, кір тасын көтеріп, мергендіктерін дәлелдеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать