Балқаш жаңалықтары 14 ақпан 2018

Балқаш Су өткен жылдың соңғы екі айына қайта есептеу жүргізетін болды. Тұрғындарға төленген ақының 80 пайызын қайтармақ ниетте.Ол үшін коммуналдық мекемеге үкіметтен субсидия , яғни қаржы бөлінді.

Балқашта коммуналдық шығындарды төлейтін жеке орталық пайда болады. Жаңа жерде тұрғындар судың, қоқыстың және жылудың ақысын бір кассаға барып төлейді. Қазір мәдениет сарайында орналасқан Балқаш Су, Су Жылу Транс және Балқаш Универсал мекемелерінің абоненттік бөлімдері жақында Караменде би көшесіндегі 15 ғимаратқа көшеді.

Балқаш тұрғыны итінің өліміне ветеринарлық қызметті кінәлап отыр. Қожайынның айтуынша, мамандар қанғыбас иттерді атып жүргенде менікін де жарақаттап, көзін құртты дейді. Ал ветеринарлар судан ақ, сүттен тазаман дегенді алға тартуда. Жалпы, биыл бекітілген жаңа заңға сәйкес қандай иттерді атуға болады?

Оқушы А геппатитін жұқтырған мектептен карантин алынды. Қазір өңір бойынша жағдай тұрақты. Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Қарағанды облысында А геппатитін жұқтырғандар саны күрт өсіп, елді алаңдатқан еді.

Балқаш еліміз бойынша ең жоғары ластанған қалалар тізіміне кірді. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2017 жылғы экологиялық мониторингтің қорытындысын шығарды. Ол үшін зерттеу шаралары 49 аймақта жүргізілді.

Қарағанды облысының білім басқармасы ата-аналарды балаларының әлеуметтік желідегі хатын тексеруге шақырды. Оған осы ақпан айында Қарағанды және Теміртау қаласында 10 және 13 жастағы екі қыздың өз-өзіне қол салуы себеп болып отыр. Оқушылар әлеуметтік желі арқылы сөйлескеннен кейін суицидке барған.

Ертең еліміз бойынша қысқы аңшылық аяқталады. Яғни, 15 ақпаннан бастап түлкі мен қоянды атуға болмайды.Өйткені, бұл кезде жануарлардың ұрықтануы басталады. Сондықтан бес қаруын асынғандар қараша айына дейін аңшылықтарын тоқтата тұруға тура келеді.

Балқаштық баскетболшы қыздар Республикалық Чемпионаттан қола жүлдемен оралды. Жарыс Щучинск қаласында өтті. Онда балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәлімгерлері Қарағанды облысының намысын қорғады. Сайысқа 6 команда қатысқан. Жерлестеріміз айналмалы жүйе бойынша солардың бәрімен ойын өткізді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать