Балқаш жаңалықтары 13 тамыз 2018

6 адам қаза тапқан Бектау-ата маңындағы жол апатынан зардап шеккендер әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелдің беті бері қараған. Дәрігерлер оны жақын күндері Қарағандыға Мақажанов ауруханасына жібереді. Ал 5 жастағы бала болса әлі ес түссіз жатыр.

Балқашта қаланың жаңа даму жоспары құрастырылады. Себебі ескісінің мерзімі биыл аяқталады. Бір орында тоқтап қалмай, әрі қарай жылжу үшін жаңа жоба қажет. Ол 15-20 жылға арналады. Оны Алматының «Қазгипроград» жобалық институты құрастыратын болады.

Теңге тағы құнсыздана бастады. Бүгінде 1 доллардың бағасы 366, 368 теңгені құрады. Ұлттық валюта өткен аптадан бастап құлдырай бастады. Мамандар бұл жағдайды Ресей рублінің құнсыздануымен және мұнай бағасының арзандауымен түсіндіріп отыр.

Балқашта мемлекеттік бағдарламаның арқасында 237 жұмыссыз жаңа мамандық меңгерді. Соның 71 тұрақты жұмысқа тұрды. Екі қолға бір күрек тапқандардың бірі — Салтанат Байназарова. 54 жастағы әйел қазір «Жұлдыз» балабақшасында аспазшы болып қызмет етеді.

Мемлекеттік гранттан қағылған балқаштықтар Астана әкімінің грантына үміткер бола алады. Бас қаланың басшысы еліміздің 12 ЖОО-да тегін білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Мұндай мүмкіндікті 1000 талапкер пайдалана алады.

Балқашта Қабанбай батырға арналып садақ атудан халықаралық жарыс басталды. Мергендер сайысына Қырғызстаннан және еліміздің өзге қалаларынан 30-дан аса спортшы жиналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать