Балқаш жаңалықтары 11 сәуір 2018

Балқашта жаңа латын графикасын оқыту залы ашылады. Мамандар тұрғындарға жаңа әліпбимен оқуды және жазуды үйретеді. Бұл туралы қалалық мұражайда өткен жиында белгілі болды. Онда биыл Балқашта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша атқарылатын жобалар таныстырылды. Айта кетсек, осы жылы балалар үйінің маңайына ойын алаңы салынады.

Өңірмен аттас тұрғындар. Балқашта «Балқаш» есімді жандар тұрады. Өздері түрлі саланың өкілдері. Білікті, білімді мамандар. Солардың бірнешеуімен бүгін кездесіп, тыныс-тіршіліктерімен танысқан болатынмыз.

Бүгін Балқашқа — 81 жыл. 1937 жылы 11 сәуірде Прибалхашстрой кентіне ресми түрде қала атағы берілген. Сол уақыттан бастап көкше көлдің жағасында құрылыс қарқынды дамып, жаңадан нысандар, өндіріс орындары, ауруханалар мен мектептер бой көтерді.

Ал бүгінгі туған күнде балқаштықтарға тегін такси қызметі жұмыс істеді. Алайда, әдеттегіндей емес жолаушылардың білімдерін сарапқа салды. Онда кітапхана қызметшілері тұрғындарға сұрақ қойса, дұрыс жауап бергендерді жүргізушілер діттеген жеріне тегін жеткізіп тастап отырды.

Осыдан 80 жыл бұрын қала атанған шаһарымыз күн сайын шырайлана түсуде. Көпқабатты үйлер пайда болып, жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр. Ал бүгін қаланың кешегісі мен бүгінін еске түсіріп, өткенге көз жүгіртейік.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать