Балқаш жаңалықтары 10 сәуір 2018

Әлем Қазақстанды қара алтынмен, саясатпен ғана емес мәдени жетістіктерімен бірге ішкі өзгерісімен де тануы тиіс. Бұл туралы Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру»атты мақаласында айтты.Осы орайда бағдарлама аясында Балқашта қандай істер атқарылды?

Балқаш қаласының әкімдігі ертең «Азаматтық бастамалар» күнін өткізеді. Қала тұрғындары сағат 11-ден бастап 4- ке дейін қалалық мұражайға келіп, шаһарды көркейтуге, дамытуға қатысты өз пікірлерін, ойларын айтып, жаңа идеяларымен бөлісе алады.

Осы айда балқаштықтардың барлығына бірдей коммуналды қызметтің түбіртегі берілмейтін болды. Өйткені, қазір қаланың тұрғындары үшін бірыңғай база енгізілуде.

Енді тегін дәрілер жайлы ақпаратты телефон арқылы білуге болады. Сондай-ақ өз шағымыңызды да жеткізе аласыз. Қазақстанда дәрі-дәрмекті қамтамасыз ету мәселесі бойынша біріңғай байланыс орталығы ашылды.

Балқашта жастар денсаулық орталығы ашылады. Ондағы мамандарға жеткіншектер және студенттер анонимді түрде жүгініп, тегін кеңес пен көмек ала алады.

Бүгін қалада заңсыз сақталған қаруларды сатып алу акциясы басталды. Атыс қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен ішкі істер бөліміне тапсырған тұрғындарға 20 мың теңгеден бастап 250 мыңға дейін ақша беріледі.

Балқаштықтар қала күнін атап өтеді. 1937 жылы 11 сәуірде ресми түрде Балқашқа қала атағы берілген. Осы атаулы датаға орай шаһар өнерпаздары тұрғындарға арнап мерекелік концерт дайындауда.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать