Балқаш жаңалықтары 10 мамыр 2018

1) Жеңіс туы желбіреген күн!9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг Балқаш қаласында да өтті. Халық таң сәріде Желтоқсан көшесінің бойына жиналып, жау қолынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен іске алды. Батырлардың суреттерін қолдарына алған 300- ге жуық балқаштықтар шеруге қатысты.

2) Сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтарды еске алу күнінде Рахымжан Қошқарбаевтың қызы Балқашқа келіп, салтанатты шараға қатысты. Шаһарға бірінші рет келген Әлия Қошқарбаева сахна төрінде бұқараны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

3) Балқаш әкімі Александар Аглиулин ҰОС ардагерлерін арнайы барып құттықтады. Қаламызда болашақ ұрпақ үшін отқа түсіп, бар қиындықты жеңе білген 5 ардагердің көзі тірі. Бәрі де сұрапыл соғыс жылында жауға қарсы күресіп, ел үшін жанын беруге дайын болған.

4) Жастар Кеңес одағының батыры атағын алған балқаштықтардың қабір басына барып, рухына тағзым етті. Көзсіз ерлігі немесе айрықша еңбегі үшін берілетін ең жоғары құрметті атаққа 5 жерлесіміз ие. Тағы екі жерлесіміз даңқ орденінің толық кавалері.

5) 7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде балқаштық бір топ әскери қызметкерлер мен құқық саласының мамандары марапатталды. Білікті мамандарды ұлықтау салтанаты мәдениет сарайында өтті.

6) Денсаулыққа жол! Осындай атаумен Балқашта алғаш рет жеңіл атлетикадан марафон өтті. 400-ге жуық шаһар тұрғындары 15 километрді жүгіріп өтті. Алғаш болып келген 7 адам,оның ішінде ересектер мен студенттер, оқушылар 100мың, 70 мың және 50 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

7)Балқашта қала әкімінің кубогының жеңімпаздары анықталды. 30 команда 1 ай бойы футбол ойнап, бас жүлдеге таласты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать