Балқаш жаңалықтары 1 тамыз 2018

1.Балқашта барлық коммуналдық қызмет ақысы қабылданатын бірыңғай төлем орталығы ресми түрде ашылды. Енді, суық су мен ыстық судың және жылудың ақшасын алысқа ұзамай-ақ бір жерден төлеуге болады.

2.Биыл Балқашта бірыңғай мектеп формасы болмайды. Оқушылар бұған дейін киіп келген костюмдерін қайта киеді. Қазақстанда бірыңғай мектеп формасын енгізу мәселесі осымен бірнеше жыл талқыланып келеді.

3.Балқашта «мектепке жол» акциясы басталды. Шараның басты мақсаты аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы ата-аналарға балаларын мектепке дайындауға көмектесу. Бүгін еріктілер қала ортасына шығып, көмек қолын созар жомарт жандарды іздеді.

4.Балқашқа Швейцариядан «Урал» мотоциклін мінген саяхатшылар келді. Туристер үш дөңгелекті ретро көлікті Бішкектен сатып алған. Мотоциклмен Қазақстанды аралап, әрі қарай Ресей, Грузия, Түркия мемлекеттеріне бармақ.

5.Осы айда қазақстандықтар мереке күндерін қосқанда 10 күн демалады. Тамызда құрбан айт мейрамы және конституция күні аталып өтеді. Діни мереке биыл 21 тамыз күні тойланады. Яғни барша халық сейсенбілік жұмыстан босатылады.

6.Көзді ашып жұмғанша жаздың соңғы айыда келіп жетті. Әлемнің көптеген бөлігінде тамыз демалыс кезеңі болып саналады. Ел жұмыстан тынығу үшін саяхатқа аттанады. Теңізге барып, ел мен жер аралайды. Ал қазақстандықтар үшін бұл уақыт суыққа дайындалып, қыстың қамын ойлайтын кез. Балқаштықтар жаз соңына дейін не істеп үлгерулері қажет? Біз бүгін осы сұрақпен халық арасына шықтық.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать