Балқаш жаңалықтары 1 ақпан

2017 жыл Балқаш үшін табысты, жемісті, өзгерістерге толы жыл болды. Алайда, әлеуметтік тұрғыда бала туу көрсеткіші 9 пайызға азайып, ажырасқандар көбейді. Ал биыл Қоңырат мөлтек ауданына 800 млн. теңге қаржы бөлінді.

Қарағанды облысы жемқорлық фактісі көп кездесетін өңірлердің бірі деп танылды. Бұл тізімге тағы 6 аймақ енген. Олар Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Міне осы жерлерде парамен ұсталып, лауазымын асыра пайдаланған жағдайлар көп кездесетін көрінеді.

Балқаштықтар 1 айда миллионға жуық жұмыртқа жейді. Жоғары сұраныстағы екінші өнім ол — нан. 30 күннің ішінде 500 тоннасы желінеді екен. Ал балқаштықтар аз тұтынатын тағам ол қарқұмық және сұлы жармасы болып шықты.

Балқаштық сұлаулар «Мисс-Қазақстан» байқауына қатысуға тағы бір мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар инстаграмм-кастинг жариялады. Іріктеудің қорытындысы бойынша топ-10 ға кірген 12 қыз таңдалады. Олар әр қалада өткен сұлулық байқауында жеңімпаз атанған 18 қатысушымен бірге сайысқа түседі.

Қысқы олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшылардың жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды. Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін ақ олимпиадаға Қазақстан атынан 46 спортшы аттанды.

Қаламызда бокстан республикалық турнир жалғасуда. Бірінші күннің нәтижесі бойынша 7 жерлесіміз ширек финалға өтті. Және бүгін тағы 11 балқаштық шаршы алаңда бақтарын сынады.Кеше басталған доданың бірінші күнінде 31 жұп жұдырықтасты. Оның ішінде 29-ы ер балалар болса, қалған екі жұп қыздар болды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать