Балқаш жаңалықтары 04.10.2018

1.Балқашта үш күн бұрын жоғалып кеткен бала әлі табылмады. Қазіргі уақытқа дейін 2 жасар Бекнұр Дәріғұл туралы ешқандай хабар жоқ. Техснаб кентінде іздеу жалғасуда.

2. Шаһар маңында тағы да жол көлік оқиғасы тіркелді. Бұл жолы темір тұлпар жолдан өтіп бара жатқан сиырға соғылды. Салдарынан 2 ересек, 2 бала зардап шекті.

3. Балқашта биыл туберкулездің ашық формасымен ауыратын 9 адам анықталған. Барлығы да 2 жыл және одан да көп уақыт флюорографиялық тексерістен өтпегендер.

4. Бүгін қала бойынша түнгі 12-ден кейін ыстық су сөндіріледі. Себебі қазан айының 5-нен бастап жылу жүйелері сынақтан өткізу, құбырларды жуу секілді шаралар басталады. Ыстық су жылумен бірге қазан айының 15-не дейін беріледі деп жоспарлануда.

5. Бүгін балқаштық үкіметтік емес ұйымдар «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілімен кездесті. Облыстан келген Наталья Красникова «Рухани жаңғыру» орталығында бірлестік жетекшілерімен бас қосты.

6. Енді қала тұрғындары Америкада құрастырылған дене шынықтыру құрылғыларын қолданып, салауатты өмір салтын қалыптастыра алады. Балқаштағы «Ақ теңіз» спорт кешенінде жаттығу залы ашылды.

7. Бүгін Балқашта ұстаздар ұлықталды. Мұғалімдер күніне орай оқушылар сарайында салтанатты жиын өтті. Оқытушыларды қала әкімі құттықтады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать