Балқаш көлінде жоғалған балықшының денесі табылды

Балқаш  көлінде 8 ай бұрын жоғалып кеткен екінші  балықшының  денесі  табылды.20  жастағы  студенттің  мүрдесін Сарышыған  кентінің балықшылары  туғандарының  қолына тапсырды.  Марқұмды   жақындары   үстіндегі  киімінен танып,  бірден жер  қоймауына  жерледі.  Өйткені,  бір жылға  жуық  су астында қалып қойған мәйіт  бұзыла  бастаған. Еске  салсақ,  осыдан     бір апта бұрын  марқұмның қасында  болған  досының денесі табылған еді. Оны  Приозерск  кентінің балықшылары  көлдің   оңтүстік-шығыс  аймағынан алып шыққантын.

СНХ: Игорь Метельский –Судан құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы

«Биыл   суға  батып кеткендер  болмады. Былтыр екі  ересек адам,  бір   бала  көлге батып кеткен  еді.  Көбінесе балықшылар  құтқарылады. Олар қайықтар  дайындамай,   қауіпсіздік  ережелерін сақтамай көлге шығып  кетеді.Өздерімен бірге  сигнал беретін аппараттарын  да алмайды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать