Балқаш дүкендерінде мүгедектерге арналған шақыру тетігі жұмыс істемейді

Балқаштық мүмкіндігі шектеулі жандар сауда нүктелеріндегі мүгедектерге арналған  шақыру түймешігінің жұмыс істемейтінін айтып шағымдануда. Соның салдарынан қоларбаға таңылған жандар үшін дүкенге кіріп нан мен сүт алу қиынның қиынына айналған. Осыған байланысты біз бүгін сауда орындарын аралап, мүгедектерге арналған қоңыраудың жұмысын тексеріп қайттық.

Нұрсұлтан Жұматаев бұл дүкенге кеше келіп, кіре алмай кеткен. Бірінші топ мүгедегі үшін баспалдақпен көтерілу өте қиын. Ал мұнда сатушыны шақыру түймешігі болғанымен ол істемейтін болып шықты. Нұрсұлтан қоңырауды бірнеше рет басқанымен бүгін де қызмет көрсетуге ешкім шықпады.

Нұрсұлтан Жұматаев-қала тұрғыны

«Бұл түймешіктер көз бояушылық. Басқанмен жұмыс істемейді. Панустар ережеге сай  жасалмаған дүкенге кіру, жүріп тұруы қиын адамдар үшін  өте қиын. Биліктегілер бір шара қолданса деймін».

Ал дүкендегілер түймешіктің істен шыққанын білмейді екен. Біздің көзімізше батареясын ауыстырып, әуреге түсті.

Назгүл Ермекбаева-сатушы

 «кнопка қойылу керек дегенде, сол кезде қойдық. Сол кезде әкімшіліктен келіп тексерген. Қазір білмеймін неге істемей тұрғанын».

Бұл дүкеннен көп  ұзамай келесі сауда орнында орнатылған тағы бір түймешікті көзіміз шалды. Оны да тексеріп көрдік.

Гүлшат Байтөкешова-тілші

«Артымыздағы баспалдақпен және пандуспен ешқандай мүмкіндігі шетеулі жанның көтеріле алмасы анық. Міне сол себепті мұндай шақырту түймесі орнатылған. Бізге қызмет көрсетер ме екен? Өкінішке орай түйме істемек түгілі, оның орны да жоқ».

Жұмыс істейтін шақыру тетігін іздеп біз қаланың орталығына бардық. Алайда, бірінде шақыру түймешігі деген жазу болғанымен, тетіктің өзі жоқ. Ал қалғанында басқан қоңырауымызды ешкім естімеді.

» Когда поставили, работала. А, как давно не работает? Незнаю».

Заң бойынша ережеге сай келмейтін пандустар орнатылған жерлердің барлығында шақыру тетігі болуы шарт. Оның орнатылуын архитектура бөлімі қадағалайды.  Алайда, тексеріс кезінде тек ескерту жасаумен ғана шектеледі. Талапты орындамаған кәсіпкерлерді еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитеті ғана жазалай алады. Тұрғындар өз шағымын осы органның сайтына жазу арқылы немесе қоңырау шалып жеткізе алады.

Бейбітшілік Әлімбаев-қала әкімінің мүмкіндігі шетеулі жандар ісі бойынша кеңесшісі

«Біз объектілерді аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Түймешік жұмыс істемеген жағдайда ескерту жасаймыз. Одан кейін олар біздің талапты орындау қажет. Қазір қала бойынша сауда нүктелерінің 70 пайызында шақыру түймешігі орнатылған.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать