Балқашқа «Жібек жолы бойындағы сұхбат» жобасының мүшелері келді

Бүгін Балқашқа Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Қытайдың және Ресейдің философтары, саясаттанушылары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері келді. Құрметті қонақтардың барлығы Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Жібек жолы бойындағы сұхбат» жобасының мүшелері. Халықаралық жобаға қатысушылардың сапары Бектау-Ата тауынан басталды.  Балқаш өңірімен танысуға келген қонақтар Шашубай Қошқарбайұлының мазарына соқты. Гүл шоқтарын қойып, Арқаның атақты ақынын еске алды. Құран оқып, дұға бағыштады. Шашубай Қошқарбайұлы әнші әрі композитор. Жасынан домбыра, сырнай, гармонь тартып, ән салуға, серілік құруға әуестенген.  Арқаның атақты әнші, сал-серілерімен кездесіп, тәлім-тәрбие алған. Халық ақыны 1952-ші жылы желтоқсан айында 87 жасында көз жұмды. Өзі бұрындары осы маңайдағы Қарашілік деген жерде тұрғандықтан, Бектауатаға барар жолға жерленген.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *