Балқашқа «Урал» мотоциклін мінген екі швейцариялық турист келді

Балқашқа  Швейцариядан  «Урал»  мотоциклін  мінген саяхатшылар келді. Туристер үш дөңгелекті ретро көлікті Бішкектен сатып алған. Мотоциклмен Қазақстанды аралап, әрі қарай Ресей, Грузия, Түркия мемлекеттеріне бармақ. Олар бүгін Балқашта көліктерін жөндетті. Ертең жолға шығады.

33 жастағы Фабиан Дупис және 30 жастағы Михаил Террин жүріп өткен жерлерін көрсетуде. Олар ұшаққа мініп Швейцариядан Қырығызстанға жеткен. Содан жаяу жүрмес үшін жылқы сатып алып, жануармен Қазақстанға келмек болыпты. Атқа мініп шекараға дейін 10 мың шақырым жер жүрген. Алайда, оларды ерекше көлікпен  Қазақстанға өткізбеген. Содан жылқыларын сатып, оның орнына 600 долларға Урал мотоциклін сатып алыпты.

Фабиан Дупис-саяхатшы

«Бұл мотоцикл көненің көзі. 90 жылдары шыққан. Біз оны Бішкектен сатып алдық. Қазақстанның кең даласын осы көлікпен араламақшымыз. Бір-екі жері бұзылғаны болмаса, жақсы көлік.

Коляскасы бар мотоцикл сатып алғалы 2 рет бұзылған. Алматыдан Балқашқа шыққанда сынып 3 күн жөндеген. Содан Тораңғалық кентінің маңына келгенде тағы жүрмей қалыпты. Үш дөңгелекті көлікті балқаштық механиктер жөндеп берді. Енді саяхатшылар жолға дайын.

Өміржан Қайыркенов-мотомеханик

«Оларды балқаштық байкерлер қалаға жеткізіп, бізге әкелді. Анықталғандай акумуляторы отырып қалған.  Бір-екі сайманын ауыстырып, жаңадан генератор салып бердік. Енді әрі қарай жолға шықса болады.

Швейцариялық туристер бүгінше Балқашта. Көлге түсіп, шаһарды араламақ. Ал ертең Қарағандыға жол тартады. Әрі қарай Астана, Көкшетау, Петропавл қалаларына соғып Ресейге аттанады. Одан әрі Грузия, Түкрия мемлекеттері. Барлық елді урал мотоциклімен аралап шықпақ.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *