Балқаштың кейбір аудандарында ыстық су мен жылуға жаңа тариф бекітілді

Саяқ кенті мен Қоңырат мөлтек ауданында ыстық су мен жылуға арналған жаңа тариф енгізілді. 1 қазанда жаңа жүйе күшіне енетін болады. Қараша айынан бастап тұрғындарға өзгерген квитанция таратылады. Енді Саяқта 1 адамға шаққанда ыстық судың бағасы 845 теңге. Бұл бұрынғымен салыстырғанда 135 теңгеге қымбат.

Сергей Потапчук – «Су Жылу Транс» КМК экономика бойынша директор орынбасары
«2017 жылдың 1 қазанынан бастап Саяқ кентіне жаңа тариф енгізіледі.Бір текше метрдің құны 38,30 тг болса, енді 71,93 тг болып өзгерді».

Сонымен қатар, Қоңырат мөлтек ауданында ыстық су 30 теңгеге қымбаттады. Бұрын бір адам бұл қызметке 719 теңге төлесе, енді 748 теңгеден төлемақыны өтейді. Бірақ, коммуналшылардың айтуынша тариф осылай өзгергенімен шығынның барлығын өтеу мүмкін емес дейді.

Сергей Потапчук – «Су Жылу Транс» КМК экономика бойынша директор орынбасары
«Қызмет қымбаттағанымен шығын өтелмейді. Суды, электроэнергияны, көмірді мемлекеттен субсидия арқылы сатып алудамыз. Ал егер ол болмаса, тариф тіптен 4 есеге қымбат болушы еді.».

«Су Жылу Транс» КМК  Саяқ кенті  бойынша

                1  қазан  2017  жылғы  тариф  көрсеткіші

 

Қызмет  түрі Ескі  тариф Жаңа тариф
Ыстық су 711 тг. (1 адам) 845,21 тг. (1 адам)
Жылу жүйесі 38,30 тг. (1 м2) 71,93  (1 м2)

 

«Су Жылу Транс» КМК  Қоңырат  мөлтек ауданы бойынша

                1  қазан  2017  жылғы  тариф  көрсеткіші

 

Қызмет түрі Ескі тариф Жаңа тариф
Ыстық су 719,3 тг. (1 адам) 748,20  тг. (1 адам)
Жылу  жүйесі 93,37 тг. (1 м2) 101,62 (1 м2)

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code