Балқаштың денсаулық сақтау саласы жас мамандармен толықты

Балқаштың денсаулық сақтау саласы жас мамандармен толықты. Олардың арасында қалада тапшы логопед, проктолог, педиатр секілді дәрігерлер бар. Енді ғана университетті тәмамдап, қолдарына дипломын алған ақ халаттылар арнайы шақырту алған. Олар Балқашта келісім-шарт бойынша 3 жылдан 5 жылға дейін жұмыс істейді.

Қаладағы диагностикалық кеңестік орталықта логопед-дефектолог пайда болды. 26 жастағы Зарина Ескібаева бұл жаққа Ақтөбеден келген. Сөйлеуінде ақауы бар балалармен жұмыс істейтін маманның қызметіне кіріскеніне бүгін үшінші күн. Әзірге өзіне жүгінгендерге тек кеңес беруде. Ал, жолдама бойынша қабылдауды дүйсенбіден бастайды.

Зарина Ескібаева-логопед-дефектолог

«Кейде баланың сөйлемеуіне басқа да аурулар себеп болып жатады. Сондықтанда біз емделушінің толық тексерістен өтеміз. Ал қабылдауға келу үшін педиатрдан жолдама алып алдын ала жазылу керек».

Ал Әйгерім Бекмұханбетова хирург-проктолог. Мұндай мамандық иелері қаламызда мүлде жоқ. Биыл ғана Семей мемлекеттік университетін бітірген жас дәрігер Балқашқа арнайы шақыртумен келген. Тек геморрой ауруын ғана емдеп қоймай, хирург ретінде түрлі шағын оталарды жасауды қолға алған. Мысалы күніне 40 адам қабылдауға келсе соның 20-30-на осында операция жасалады.

Әйгерім Бекмұханбетова-хирург-практолог:

«Жыланкөздерді кесуді жасаймыз. Жедел іріңді ауруларға ашуды жасаймыз. Сонымен қатар тік ішектің түсуі, ректопексия жасаймыз. Мен өзім интернатураның екінші курсынан бастап 4 рет жасап көрдім.

Қазіргі таңда №1 емханаға 7 жас медик келді. Енді тағы 6 медицина қызметкері келеді деп күтілуде. Нәтижесінде денсаулық сақтау саласы педиатр, тепарвет, хирург және жалпы практика дәрігерлерімен толығады. Жақында ғана оқуын бітірген жас мамандар Астана, Алматы, Қарағанды секілді өзге қалалардан шақырту алған. Олар келісім шарт бойынша Балқашта 5 жыл жұмыс істеулері тиіс.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code